Контент осы коммуникациялық платформаның ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының құжаттамалық шежіресін көрсететін бірегей мұрағат фото және бейне материалдарды қолдану арқылы жасалады.
«ҚР Президентінің ТРК қазіргі Қазақстан дәуірінің мультимедиялық жылнамашысы ретінде өзінің Telegram-каналын ашады. Онда тек бізде ғана бар эксклюзивті видеолармен және сирек кездесетін кадрлармен бөлісеміз», – деді Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева.
Telegram каналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны, қызмет мансабы, қазіргі қызметі туралы эксклюзивті материалдар жарияланады.