Бейруттағы кемежайда болған жарылыстан көз жұмғандар саны 78 адамға жетті, 4 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады "Аль-Джазира" телеарнасы Ливанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл ретте Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан көп болады деп күтуде, өйткені көп адамдар із-түзсіз жоғалған, қираған ғимараттар астынан адамдардың мәйіті іздестірілуде.
Қатты жарылыс Бейруттағы кемежайда сейсенбіде кешке болды. Қаладғы ғимараттардың жартысы зақымданды, аурухпналар зардап шеккендерге толы.