Интернатура мен резидентура студенттері дәстүрлі форматта оқитын болды
Интернатура мен резидентура студенттері дәстүрлі форматта оқитын болды
229
оқылды
Колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіі telegram парақшасында хабарлады.
"Колледждердегі педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан оқиды. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі". - делінген хабарламада.
Сондай-ақ алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады). Ал жоғары оқу орындарында студенттер негізінен қашықтан оқыту форматында оқиды.
«Педагогикалық ғылымдар, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды. Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар онлайн, зертханалық және практикалық сабақтар штаттық режимде өткізіледі», - делінген хабарламада.
Магистратура мен докторантура бойынша сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады. Интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жүретін болады.