Дәрігер жаңа қызметке тағайындалды
Дәрігер жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Өмірзақ Әбілсейітұлы 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған. Әр жылдары Үшарал қаласының Орталық қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Түрксіб санаторийі» ААҚ бас директоры, «№ 7 Қалалық клиникалық аурухана» МКҚК дәрігер-хирург, Алматы қаласындағы «емдеу-диагностикалық орталығы» МКҚК амбулаториялық-емханалық бөлімшесінің дәрігері, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы «Қарасай АОА» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы «Алматы өңірлік онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК директорының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2018 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.