УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасы матчтары тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: Интернеттен алынды
139
оқылды
Турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылып, кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын. Биыл Чемпиондар лигасы «сегіздің финалы» форматында аяқталады. Тамыз айының 5-8 аралығында 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын QAZAQSTAN және QAZSPORT телеарналары көрсетеді. Келесі кезеңге өткен 4 команда: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг». Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды. УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі: QAZAQSTAN телеарнаcы: 7 тамыз - «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид». Уақыты: түнгі сағат 00:55 8 тамыз - «Бавария» - «Челси». Уақыты: түнгі сағат 00:55   QAZSPORT телеарнаcы: 7 тамыз - «Ювентус» - «Лион». Уақыты: түнгі сағат 00:55 8 тамыз - «Барселона» - «Наполи». Уақыты: түнгі сағат 00:55     УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі:   QAZAQSTAN телеарнаcы: 5 тамыз - «Манчестер Юнайтед» - «Ласк». Уақыты: түнгі сағат 00:55 6 тамыз - «Базель» - «Айнтрахт». Уақыты: түнгі сағат 00:55   QAZSPORT телеарнаcы: 5 тамыз - «Шахтер» - «Вольфсбург». Уақыты: түнгі сағат 22:45 5 тамыз - «Копенгаген» - «Истанбул». Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live) 5 тамыз - «Интер» - «Хетафе». Уақыты: түнгі сағат 00:55 6 тамыз - «Рома» - «Севилья». Уақыты: түнгі сағат 22:45 6 тамыз - «Байер» - «Рейнджерс». Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live) 6 тамыз - «Вулверхэмптон» - «Олимпиакос». Уақыты: түнгі сағат 00:55.