«Қазіргі уақытта коронавирусқа шалдыққан 25 912 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 139 жасөпірім бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның халі нашар. Соның ішінде 36 науқастың денсаулық жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр» делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 95 942-ге жетті. 68 871 науқас аурудан айықты, 1058 адам қайтыс болды.