«Соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің медициналық қызметтер ақпараттық жүйесіне енгізілуіне қатысты тақырыпты талқылай бастады. Бұл шындығында да бұрмалау және біз мән-жайды анықтап жатырмыз. Азаматтардың белсенділігінің арқасында ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Бұл жүйенің кемшіліктерін тауып, болашақта қайталанбас үшін оларды жөндеу өте маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі де, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да бұл жағдайды түбегейлі түзетуге мүдделі», – деді ол.