Автокөлікті тіркеу рәсімі жеңілдеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин айтты.
«Бізге қазір ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайту қажет. Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30% автосалоннан сатып алынатыны анықталды. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық», - деп жазды Б. Мусин facebook парақшасында.
Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техқұжатты алу –автосалонда жасалады.
«Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай бұрыштар жұмыс істейді. Сондықтан, қалған автосалондарды өз клиенттеріне осындай қызмет көрсетуге шақырамыз. Ол үшін Азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет. Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды!», - деді бірінші вице-министр.