Елімізде тұңғыш рет Абай күні аталып өтіледі
Елімізде тұңғыш рет Абай күні аталып өтіледі
фото: ашық дереккөз
271
оқылды
10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мерейтой аясында республика бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі бар іс-шара онлайн түрінде ұйымдастырылады. Абай күніне орай 10 тамызда сағат 21:00-де Қазақконцерт сахнасында жанды дауыста "Абай арманы" мерекелік онлайн концерті өтеді. Ұлы Абайдың музыкалық мұрасын Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан сынды белгілі өнер жұлдыздары паш етеді. Ол YouTube-тегі Qazaqconcertlive арнасында көрсетіледі.  width= онымен 10 тамызға Семейдегі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы "Хəкім Абай" атты арнайы мəдени бағдарлама дайындап, іс-шаралар легін Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығумен бастайды. Осыдан кейін мереке өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлерінің Абай шығармаларын оқуымен жалғасады. Дəл осы күні Семейдегі "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында "Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат" атты халықаралық конференция өтеді. Жиынға танымал ғалымдар, абайтанушылар, Ресей Федерациясы Əдебиет академиясының академигі Г. Пряхин, түрлі мəдени жəне ЖОО басшылары қатысады. Сонымен қоса тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, "Абай-Шəкəрім" кесенесіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады. Жыл басынан бері ақынның туып өскен өлкесінде Абай есімімен байланысты тарихи-мəдени мұра нысандарға ғылыми рестоврация жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Сонымен қатар 10 тамызда 15:00-де халықаралық деңгейде Абай өлеңдерін халықаралық 8 тілде оқуға арналған "Abai world challenge" атты видеомарафон бастау алады (француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс, итальян тілдерінде). Аталған челленджге Абай шығармашылығын зерттеп жүрген əлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалым-зерттеушілер, аудармашы, жазушы, зиялы қауым өкілдері, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының Төтенше жəне Өкілетті Елшілері қатысады.  width= Жалпы 10 тамыз күні республика бойынша 100-ге жуық іс-шара өтеді. Бұл іс-шараның барлығы Мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында көрсетіледі. Сондай-ақ осы күні əлеуметтік бейнебаяндар мен қысқа метражды фильмдерге арналған "Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы" атты онлайн-фестиваль басталады.