10-17 шілде күндері Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Жуалы Орман және жануарлар дүниесін қорғау комитеті хабарлады.
Өңірлер арасында Ақтөбе облысы бойынша –5 өрт, Батыс Қазақстан облысында – 9 өрт, Қостанай облысында – 2 өрт, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 өрт, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2 орманнан өрт шыққан.
«Жыл басынан бері елімізде жалпы ауданы 22 403,25 га болатын 394 орман өрті тіркелді. Жалпы залал 1 883,5 млн теңгені құрады. Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда жалпы көлемі 10 282,14 га болатын 216 орман өрті тұтанып, 50 773,8 мың теңге залал келді» деп хабарлады Орман және жануарлар әлемін қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы ормандарда жалпы ауданы 12 121,11 га өрт болып, 1 832 738,4 мың теңге шығын келген. Өрт сөндіру барысында Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының екі қызметкері жарақат алған.