Мәселе мерейтойды тойлауда емес, Абайдан тәлім алуда – Тоқаев
Мәселе мерейтойды тойлауда емес, Абайдан тәлім алуда – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
127
оқылды
Мақалада Абай мұрасы жайында ой қозғаған Президент оның шығармашылығын насихаттаудың артықшылығына тоқталды. «10 тамызда ұл­­ты­­мыздың ұлы ақы­ны, ойшыл тұл­­ғасы Абай Құнан­­бай­­ұлы­ның ту­ға­нына 175 жыл тол­ды. Бұ­дан ши­рек ға­сыр уақыт бұ­рын Тұңғыш Прези­дентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Абайдың 150 жыл­дығы ЮНЕСКО деңгейінде өткі­зіл­ген еді. Бұл торқалы той – сол тама­ша дәстүрдің жалғасы. Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты со­ның көпшілігін онлайн форматқа ауыс­тырдық. Әрине сан сынақтан сү­рін­беген халқымыз бұл дертті де жеңе­ді. Қиындық  өтпелі, ал Абай мұрасы мәң­гілік. Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп бел­гілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткі­зіліп тұратын болады. Мәселе мерейтойда емес – тұғырлы тұлғаның туын­ды­ларынан терең тәлім алуда. Абай­дың рухына тағзым ету – оның қағи­датын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың сана­сына қастерлі құндылықтарды сіңі­реміз. Біз ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы туралы айтудан жа­лық­­паймыз. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоға­мын Абайдың рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды. Мен бұл жөнінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда кеңінен айттым. Биылғы жыл халықаралық «Абай жылына» айналды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерей­тойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу – азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай – әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға. Абай­тану­дың тұ­ғыр­намалық негізі де осы болуға тиіс. Қазір ақынның еңбектерін халық­ара­лық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыс­тар қол­ға алынуда. Оның шығарма­ла­ры әлем­нің он тіліне аударылып, бас­паға әзірленді. Бұл кітаптар жүз­ден астам елдің кітапханалары мен мәде­ни орта­лықтарына жіберіледі. Бірқа­тар шетел­дік аудармашыларға, Абай­дың шығар­машылық мұрасын зерттеу­ші­лер мен насихаттаушыларға менің Жар­лығыммен мемлекеттік награда берілді. Абай рухын ұлықтау шарала­ры жалғасуда. Шетелдегі елшілік­тері­міздің жанынан Абай орталықтары ашыла бас­тады. Ақынның шығар­ма­шылығын жүйелі зерттеу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академия­сы құрылды», – деді Президент мақаласында.