«ҚазАвтоПром» одағының хабарлауынша, Қазақстанда жаңа көліктерді тіркеу деңгейі төмендеген.
Ресми деректерге сәйкес, биыл шілде айының қорытындысы бойынша 101 мың көлік есепке қойылған.
Бұл былтырға қарағанда 17%-ке аз. Есепке алынған көліктердің 89 мыңнан астамы сату нәтижесінде қайта тіркелген.
Жалпы, биыл жеті айда қайта тіркелген көліктердің 67%-нің зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан. Пайдаланылғанына 20 жыл болған темір тұлпарлар да көлік нарығының басым бөлігіне ие болып отыр.
Көлікті қайта тіркеу бойынша Алматы облысы, Алматы қаласы және Түркістан облысы алда тұр.