Елімізде бірнеше өңірде ауа райы бұзылады
Елімізде бірнеше өңірде ауа райы бұзылады
Фото: platon.asia
247
оқылды
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды СҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы. "Қазгидромет" мамандарының айтуынша, 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Петропавлда да 12 тамызда найзағай ойнайтыны айтылады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с .
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдауға кеңес береді.