Бірнеше аймақта нөсер жаңбыр жауады
Бірнеше аймақта нөсер жаңбыр жауады
Фото: Интернеттен алынды
5,076
оқылды
Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауса, солтүстікте нөсер жауын жауады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен ұйтқып, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.