Нұр-Сұлтанда 1,5 миллиард теңгеге крематорий салынады, деп хабарлайды «Ашық бюджеттер» порталы.
Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал 2022 жылы нысан пайдалануға берілмек. Жобаның жетекшісі – Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиев.
Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту.
Жоба 5 тамызда жарияланған, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады.