Мешіт имамы Құран оқығаны үшін ақша талап етпеген
Мешіт имамы Құран оқығаны үшін ақша талап етпеген
346
оқылды
Бүгін aikyn.kz сайтында «Құран оқимын, карточкама тағы 30 мың теңге жібер» деген тақырыпта ақпарат жарияланды. Оқиға елорда іргесіндегі Қоянды ауылында болған. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі былай мәлімдейді: "Қоянды мешітінің имамдарынан осы оқиғаға байланысты шұғыл мәлімет алынды. Тексеру комиссиясы мәселенің анық-қанығын білді. Жұмыс нәтижесінде мұндай оқиға анықталмады. Имамдар тарапынан ақша талап етуге қатысты оқиға орын алмаған" делінген хабарламады.