Оралда 30 мыңдай адам сусыз қалды
Оралда 30 мыңдай адам сусыз қалды
©Сурет интернеттен алынды
230
оқылды
Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Бірақ станциядағы машина бөлімі мен электр қондырғылары бүлінген. Коммуналдық кәсіпорын қолдан келгенін жасап-ақ жатыр, бірақ бүгін таңертең су беруді тоқтатуға тура келді. 
- Бұл жерде кәріздік станция тоқтап қалған соң, біз уақытша су айдау қондырғысын іске қостық. Енді бүгін-ертең қала су бере аламыз ба, ол жағын айту қиын. Жөндеу жұмыстары тәулік бойына жалғасады, - дейді су жеткізуші компания басшысының орынбасары Арман Кенжебаев.
Оның айтуынша, апат салдарынан қазір екінші база аумағы мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейінгі және теміржол вокзалы ауданы мен Сарайшық көшелеріне дейінгі аумақ тұрғындары сусыз қалып отыр. Сонымен бірге өзге де шағынаудандарға су беру шектелді. Қаланың бірнеше жерінде ауызсу тасымалы ұйымдастырылады.
Қала аумағындағы су мен кәріздік құбырлардың жалпы ұзындығы 800 шақырым. Қазір коммуналдық желілердің 63%-і әбден тозығы жеткен. Сондықтан, түгел ауыстырылуы тиіс,- дейді мамандар.