Көне Түркістан орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды
Көне Түркістан орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды
© kultobe.com
936
оқылды
Көне Түркістан қаласының орнынан қазба жұмысы кезінде архелогтар тарихи нысандар тапты. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан табылған керуен сарайы, қыш бұйымдары цехы және мектепті  архелогтар әлемдік сенсациялық жаңалыққа балап отыр. Бұл бір кездері қасиетті шаһар өркениетінің әлемдік деңгейде дамыған орталық болғанын көрсететін тағы бір тың деректер. [caption id="attachment_64662" align="alignnone" width="1200"]Түркістан Күлтөбе © kultobe.com[/caption] Айта кету керек, Елбасы жарлығымен қайта түлеп жатқан Түркістан  қаласының аумағында заманауи да сәулетті ғимараттар бой көтеріп жатса, Ясауи кесенесінің төңірегінде тарихи орындарда қазба жұмыстары жүріп жатыр. Яғни алып құрылыс алаңына айналған шаһар күн санап қарқынды дамып, жаңа нысандармен толығып, жұртты қуанышқа кенелтіп жатыр. Ал қасиетті кесененің төңірегіндегі архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижелері ежелгі қаланың таңғажайып өркениетте өмір сүргенін көрсетті. Түркістан Айтпағымыз, осыған дейін де Күлтөбе маңайынан көптеген тарихи жәдігерлер табылып жатты. Енді міне археологтарымыз тағы да көне Түркістанның орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехын тапты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан тарихи нысандар тапқан археологтар, бұл әлемдік сенсациялық жаңалық екенін мәлім етті.  Ескі Түркістан қаласының көне шахристанынан XVIII-XIX ғасырларға тән керуен сарай, монша, керамикалық цех, мектеп орындары және Жеті ата қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көше бойынан хандардың намаз оқитын жеке бөлмесі мен әскери мұнаралар, қонақ қабылдайтын бөлмелер табылған. Тәкия қақпасының жанынан табылған үлкен керуен сарайда – құжаттар мен бағалы заттар сақтайтын арнайы қуыстар, қабылдау бөлмесі, ауласы мен қоймалары, керуеншілер тұратын бөлмелері, намазханасы, «мүричә» деп аталатын бір бөлмелі моншасы бар. [caption id="attachment_64664" align="alignnone" width="1200"]Түркістан © kultobe.com[/caption] Түркістан «Зерттеу жұмыстары кезінде көне Түркістанда алғашқы мектеп табылды. Мектеп ауласы ұлдар мен қыздарға арналып, екіге бөлінген. Сондай ақ, Қазақстанда алғаш рет қыш ыдыс жасайтын цех табылды. Үлкен көлемдегі қыш (керамика) бұйымдар шығаратын орынның анықталуы сенсациялық оқиға деуге болады. Ясауи кесенесі аумағында орналасқан қыш бұйымдарын дайындайтын кең ауқымды кешенде саз илейтін, ыдыс-аяқ жасайтын, кептіретін, күйдіретін, сақтайтын орындардың барлығы қарастырылған», –дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері, археолог Марат Тұяқбаев. Түркістан Түркістан Шахристаннан табылған кішігірім монша құрылысы бірнеше бөлмелерден тұрады. Су резервуары сияқты – сардоба да сақталған. Ерекшелігі құрылыстан бөлек қызметкерлер үшін арнайы бөлмелері бар. Емдік қасиеті бар тұнбалар дайындайтын ванна сияқты ыдыс та сақталған. [caption id="attachment_64669" align="alignnone" width="1200"]Түркістан © kultobe.com[/caption] Түркістан Археологиялық қазба жұмыстары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің даму тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда. Зерттеу жұмыстарымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тарихшы, ғалым, археолог мамандары айналысып келеді. Түркістан Түркістан