Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильмдегі» өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді
Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильмдегі» өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді
фото: Instagram
179
оқылды
«Қазақфильм» киностудиясында болған төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті. «Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты», делінген киностудияның instagram парақшасына.  width= Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді. Еске сала кетсек, 14 тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты.  width= «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ақан Сатаев өрттің әдейі қойылғанын айтқан болатын.  width=  width=