Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 99 бала бар.
Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.