Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды
Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды
© сурет интереттен алынды
160
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғанын растады. Журналистер «Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды деген ақпарат қаншалықты рас? Аталған аурумен ел аумағында тіркелген науқастар бар ма?», - деп сұраған еді. Ресми өқкіл бұл ақпараттың расталғанын айтты.
«Бұл Моңғолияда, әсіресе РФ-ның Алтай өлкесінде табиғи бубондық обаны тасымалдайтын жануарлар мекендейтін жерлерде жыл сайын тіркеледі. Қазақстанда бубон обасымен ауырды немесе жұқтырды деген дерек жоқ. Неге десеңіздер, шекарада тосқауыл қойылған. Санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілуде», - деп жауап берді ол.