Ақтөбе індеттің жаңа толқынына дайындалып жатыр
Ақтөбе індеттің жаңа толқынына дайындалып жатыр
© сурет интернеттен алынды
285
оқылды
Ақтөбеде қатерлі инфекцияның кезекті толқынына дайындық жүріп жатыр. Әдетте күз мезгілінде өршитін жедел респираторлы-вирустық инфекция «КОВИД» дертіне ұласып, асқынуы мүмкін. Сондықтан жауапты мамандар дәрі-дәрмек қорын жасақтауға кіріскен. Қазір өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қауіпті індетті жұқтырғандардың 91 проценті дертінен айықты. Өңірдегі ауруханаларда 39 науқас ғана қалды. Дегенмен, олардың жетеуі жансақтау бөлімінде.Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, тыныс алу аппаратына тәуелді науқас жоқ.
"Эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісінің алдын алу мақсатында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Қазір облыста медициналық құрал-жабдық қоры, дәрі-дәрмек қоры, сосын медиктерге арналған сақтандыру құралдары мен киімдер қоры жасақталуда", - дейду Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров.