Түрмедегі ағасына барған жігіт, аяқкиіміне тығып телефон кіргізбек болған
Түрмедегі ағасына барған жігіт, аяқкиіміне тығып телефон кіргізбек болған
©Сурет интернеттен алынды
227
оқылды
Polisia.kz хабарлауынша, оны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында анықтаған.
Олардың айтуынша, аяқкиімнің табанына екі ұялы телефон және екі сим-карта, зарядтағыш құрылғыларды мұқият жасырылған  екен. Мекемеге тыйым салынған заттарды Ақтөбе қаласының Р. М. есімді 1990 жылғы тұрғын кіргізбекші болған. Ол телефонды  кісі өлтіру бабы бойынша қамауда отырған ағасына жеткізгісі келген.
– Азамат Р. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.