Мемлекет қолдауы халықтың көңілінен шықты
Мемлекет қолдауы халықтың көңілінен шықты
694
оқылды
Апат салдарынан 4 мыңға жуық х­алық зардап шегіп, 500-ден астам бас­пана то­лы­ғымен бұзылып, қай­та салынды. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Дос­­тық елді ме­кен­де­рінің тұр­ғын­дары үшін Мырзакент ауы­лында жаңа ықшамаудан бой көтерді, әр­бір отбасы мүшесіне 100 мың тең­геден бе­рілді. Өргебас, Фир­доу­си ауылдарын қай­та қалпына кел­тіру жұмыстарының қар­қыны жақ­­сы. Айта кетерлігі, аталған ауыл­­­дардағы апаттан баспаналары бү­­лініп-қираған тұрғындарға 17 мил­лион тең­геден беріліп жатыр. Құрылыс барысымен танысқан Қа­сым-Жомарт Тоқаев тұр­ғын­дар­мен кез­десті. Президент су тасқыны ке­­зінде мем­лекет шұғыл шешім қа­­­был­дап, аудан­ды қалпына кел­тіру үшін қазынадан қар­жы бөлін­генін, осындай сын сәтте бүкіл хал­­­­қымыздың ұйымшылдық та­ныт­­­қанын атап өтті. – Жаңа шағынаудан салынып жа­­тыр. Зардап шеккен бірде-бір адам далада қал­ған жоқ. Әрбір тұр­ғын­­ның жағдайын ес­кердік. Жаңа бас­­панаға көшемін деген адам­дар осын­­да қоныс аударады. Көп ұза­­май барлығы өз үйлеріне оралатын бо­­лады. Ауқымды жұмыс атқа­ры­лып ж­атыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» де­ген. Кәсіпкерлер, құры­лыс­шылар, дә­рі­­герлер, қарапайым азаматтар, көптеген ерікті белсенді жұ­мыс істеді. Барлығына шынайы ри­зашылығымды білдіремін, – деді Мем­лекет басшысы. Қазақстан Президенті аудан­да­ғы ахуал­ды тікелей өзі қадағалап отыр­­ғанын жет­кізді. Сапар барысында Экология, гео­­логия жә­не табиғи ресурстар ми­­нистрі Мағзұм Мыр­зағалиев Өз­­бекстан Респуб­ли­ка­сы­мен бір­ле­сіп су тасқынының салдарын жою, алдағы уақытта мұндай апат­ты бол­дыр­мауға қатысты қа­был­да­нып жатқан ша­ралар жайында баян­дады. Қасым-Жо­март Тоқаев жұ­мыс­ты нәтижелі жал­ғас­тыра беру керек деп тапсырды. Сонымен қатар Президент был­тыр жа­рылыс болған Арыс қа­ласындағы №44859 әскери бөліміне барып, оның бү­г­інгі жағдайымен танысты. Қорғаныс ми­нистрі Нұр­лан Ермекбаев өткен жыл­ғы жары­лыстан кейін қоймадағы оқ-дәрі­лерді кәдеге жарату және олар­ды та­сы­малдау жұмыстары жайын­да баяндады. Со­нымен қатар әскери бөлімнің тех­ни­ка­лық аймағындағы оқ-дәрілердің қал­дығын тазалау, жа­рылғыш заттарды за­лал­сыз­дан­дыру, бұзылған ғимараттарды қайта қалпына келтіру туралы айтты. Бұ­дан бөлек, Қазақстан Прези­ден­тіне әс­ке­ри құрал-жабдықтар мен ар­найы тех­ни­калар таныстырылды. askeri bolim Мемлекет басшысы бұл поли­гон­ның, атал­ған әскери бөлімнің ұлттық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету­де маңызды рөл ат­қаратынын атап өтті. – Қорғаныс министрі жаңа ма­ған оқ-дә­рілердің қауіпсіз қой­ма­ларда сақталып жат­қанын және адамдарға қауіп тудыр­май­тынын баян­дады. Дегенмен біз ендігі жер­­де мұндай жарылыстың болуына еш­­қашан жол бермеуіміз керек. Бұл мә­селе өте маңызды және ме­нің тікелей ба­­қылауымда болады, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дә­рі­лер­дің қауіп­сіз сақталуын қам­та­ма­сыз ету ма­қ­сатында Үкіметке қа­зіргі заманға сай қой­малар салу үшін қажетті шаралар қа­­былдауды тап­­сырды. Олардың елді ме­ке­н­дер­ден алыс жерлерде салынуын, жа­­­рам­­сыз оқ-дәрілерді уақытылы жою қа­жетін де ескертті. – Әскери-көлік авиациясын, ра­­диа­циялық, химиялық және био­логия­лық қор­ғаныс күштері мен құ­рал­дарын, ин­женерлік әскер­лер­ді, әскери медицинаны дамыту Қор­­ғаныс министрлігі жұмы­сы­ның ба­сым бағыттарының бірі болуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Содан соң Мемлекет басшысы Арыс  қа­ласын қайтадан қалпына кел­­тіру жұ­мыстарымен танысты. Был­тырғы жа­ры­лыстан кейін Арыс қа­­ласы толықтай қай­та жаңарды. Әс­кери қызметшілер 450 мың­нан ас­там оқ-дәрі мен жарылғыш зат­ты за­­лал­­сыздандырды. Қоймадағы оқ-дәрілерді көшіруге дайындық­тың негізгі жұмыстары аяқталды. Aris Былтырғы Арыс қаласында бол­­­ған жа­рылыстан бүлінген ны­сан­­дардың бірі теміржол бекетінің ғи­мараты болатын. Президент Түр­кіс­тан облысына сапары бары­сын­да «Арыс-1» теміржол вокзалының қа­­­зіргі ахуалымен, Арыс қаласын қай­­та қалпына келтіру жұмыста­ры­мен танысып, тұр­ғындармен кез­дес­­ті. – Шын мәнінде, орасан зор жұ­­­­мыс ат­қарылды. Нәтижесі жа­ман емес. Мем­лекет тарапынан қо­­­­­­мақ­ты қаржы бөлінді. Арыс қа­ла­­сын қайта қалпына келтіруге елі­­міздің барлық аймағы атса­лыс­ты. Бұ­зылған ғимараттар жөнделді, жаңа үйлер салынды. Соның ішінде осы теміржол вок­залы да бар. Ға­сыр­лық тарихы бар бұл ғи­мараттың қала тұрғындары үшін маңыз­ды еке­­­ні түсінікті, – деді Мемлекет бас­­­­шысы. Президент былтырғы жарылыс ке­зінде бар­ша қазақстандықтар Арыс­тағы ағайын­ның жағдайына алаң­дағанын, ерік­тілердің көмекке кел­генін, ұйым­шыл­дық­тың арқа­сын­да осындай ауқымды жұмыс ат­­қарылғанын, бұл халқымыздың тату­лығының көрінісі екенін айт­ты. – Баршаңыз көріп отырсыздар, қа­зір­гі пандемия ахуалы ешкімге оңай тиіп жат­қан жоқ. Көптеген ел зардап шекті. Сон­дықтан біз де қа­таң шаралар қабыл­дауға мәжбүр бол­дық. Қазір жағдай бір­тін­деп тұрақ­талып келе жатыр. Бұл – ең ал­дымен, дәрігерлердің еңбегі. Шұ­ғыл шаралардың нәтижесі. Де­генмен әлі де сақ­тық шараларын ұстануымыз керек. Босаңсуға бол­майды. Біз Арысты қалай бірігіп қал­пына келтірсек, бұл дертті де со­­лай бірлесіп жеңеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жергілікті халық Арыс қаласы то­лық­тай қайта жаңарғанын, бұл дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесі екенін, осындай сын­дар­лы сәтте мемлекеттің қамқорлығын сезінгендерін айтып, риза­шылығын білдірді.