«Жобаның мақсаты – аналарды нарық талаптарына баулу. Тігін ісін негізгі мамандық етіп, табыс таба алу. Аналар цехтағы жұмыс кестесін өздеріне ыңғайлы етіп жасап алуы қарастырылған. Осылайша олардың отбасына уақыт бөлуге мүмкіндігі болады. Мұнда олар тігін ісін одан әрі дамытып, жетілдіріп, нарықта сұранысқа ие өнім шығара алады», – деді ол.Сонымен қатар ол әйелдер үшін басты мақсат – жинақталған тәжірибені қолдана отырып, өз ісін ашуға және дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. «Цехта «Бастау» кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мемлекеттен 500 мың теңге көлемінде грант алған әйелдер де жұмыс істейді. Төтенше жағдайға байланысты олар өз ісін аша алмады. Сондықтан олар қазір осында жұмыс істеп, бизнес құруды үйренуде», – деді А.Бекжанова. «Жібек-жолы» бизнес орталығы ғимараты тігін цехына қайта жабдықталды. Оны ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне ала отырып, демеушілік жасап, тегін жабдықтап берді.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ