Перзентханадағы өрттен 8 сәбиді құтқарғандар марапатталды
Перзентханадағы өрттен 8 сәбиді құтқарғандар марапатталды
276
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен, балалардың өмірін құтқарудағы ерлігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін алматылық акушер-дәрігер Перизат Садықова, мейірбике Арайлым Жиделиева және акушер-дәрігер Виталий Грушевский «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ведомстволық наградалар Дүниежүзілік таланттар одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі Аманжол Әсембиұлы Жансейітовке және Алматы қаласы Наурызбай ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ержан Әбдіразақовқа берілді. Марапаттау рәсімін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіров жүргізді.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша адам өмірін сақтап қалғандары үшін барлық марапат иесіне алғыс айтамын! Марапатталғандардың арасында пандемия кезінде науқастарға медициналық көмек пен қоса, құтқару жұмыстарын да көрсеткен дәрігерлер бар. Кез келген уақытта қол ұшын созып, көмекке келуге дайын азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз. Жауапкершілік пен табандылық, батылдық және жедел шешім қабылдау қабілеті - бұл біздің мұрагерлерімізде болуы керек қасиеттер", - деді Әубәкіров.
Айта кетсек, 2020 жылғы 1 маусым күні 12 сағат 20 минут шамасында Жансейітов Аманжол Әсембайұлы ұлымен бірге Сәбденов көшесінің бойындағы азық-түлік дүкеніне келе жатып, кенеттен қатты айқайлаған дауыстарды естиді. Өтетін жолдың бойында жиналған адамдар мен кәріз құдығында ес-түссіз жатқан 2 ер адамды көреді. Кәріз ішіндегі жағымсыз заттар себебінен люк жанында тұрған адамдардың ешқайсысы төмен түсуге батылдары бармады. Аманжол тез арада шешім қабылдап, өз өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп туралы ойламай, кәріз ішінде газбен улануы да мүмкін екендігіне қарамастан адамдарды құтқаруға кәріз құдығына түседі. Аманжол төмен түскенде шұңқырда жатқан зардап шегушілерді көріп, бастарын бір жағына бұрып, бетін ластанудан тазартты, бірақ бірнеше секундтан кейін басы айналып, өзін нашар сезінген соң, дем алу үшін жоғары көтерілді, осы кезде Әбдіразақов Ержан да кәріз түбіне түсті. Ол бір бөтелке су алып, зардап шегушінің біреуінің бетіне құйды, екінші зардап шегушінің қозғалғанын көріп, жейдесі мен галстугын шешіп, сулы орамалмен бетін жауып төменге түседі. Жансейітов Аманжол таза ауамен дем алған соң, оның соңынан түсіп, арқанның көмегімен зардап шегушілерді кезек-кезек көтеріп, сыртқа шығарып, люктің қақпағын жауып тастайды. Жансейітов Аманжол Әсембайұлы пен Әбдіразақов Ержанның батыл әрекетінің арқасында 25 және 42 жастағы екі адамның өмірі сақталып қалды. Осы жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласындағы №1 перзентхананың балалар реанимация бөлімінде өрт шықты. Онда 8 жаңа туған сәби болды. Реанимация бөлімінде өрт дабылы іске қосылды. Сол түнгі кезекшілік топ тез арада төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер алгоритміне сәйкес анық және дүрбелеңсіз жұмыстар атқарды. Сонымен, жедел түрдегі реанимация бөлімшесіндегі 8 жаңа туған сәбиді акушер-гинеколог Садықова Перизат және балалар медбикесі Жиделиева Арайлыммен нұсқауларға сәйкес қауіпсіз жерге көшірілді. Дәрігерлердің бірі Виталий Грушевский электр сымдарының тұйықталуына жол бермей, ұнтақты өрт сөндіргішті тез арада қолданып үлгерді. Қызметкерлердің механизмге дейінгі дағдылары өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды сөндіруге мүмкіндік берді.