Төреғалидың отбасы карантинге қарамастан той жасап, қонақ шақырған екен
Төреғалидың отбасы карантинге қарамастан той жасап, қонақ шақырған екен
409
оқылды
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі осы көктемде тұрмысқа шыққан, бірақ карантинге байланысты тойы кейінге қалдырылған еді. Алайда, бірнеше күн бұрын олардың үйлену тойының видеолары әлеуметтік желіде пайда болған. [embed]https://www.instagram.com/p/CEHIGkJlBpE/?utm_source=ig_embed[/embed]
Фариза күйеуі спортшы Дархан Нортаевтың ұсынысын 2019 жылы қабылдап, сол жылдың мамыр айында олар некесін қиған болатын. Ал үлкен той карантинге байланысты кейінге қалдырылған еді.
Бірақ, олар еліміздегі карантин шараларын толықтай алынып тасталуын күтпестен, ақыры айтулы оқиғаны жақында дүркіретіп атап өтіпті. Бұл жайында әнші Мақпал Жүнісова Инстаграмм парақшасына видео жариялады. Ол тойдың үйде болғанын, сондықтан аяқкиімді шешіп қойып, билегенін жазған. [embed]https://www.instagram.com/p/CEE0kDUB-zN/?utm_source=ig_embed[/embed] Осы видео тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полиция қызметі бұл фактіге байланысты шұғыл іске кірісті. - Алмалы жергілікті полиция қызметі тойды ұйымдастырушыларды анықтады. Бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Тауар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.