Кейбір жолаушылар пойызының қатынасы қалпына келтіріледі
Кейбір жолаушылар пойызының қатынасы қалпына келтіріледі
250
оқылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қайтадан жолға шығатындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Компания мәліметінше, № 4/3 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы 2020 жылдың 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыға жетеді және сол күндері кері бағытта жолға шығады. Ал «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте келеді. Сонымен қатар № 68/67 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1» бағытындағы пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан жолға шығып, 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменге жетеді. Содан кейін бірден кері бағытқа жөнелтіліп, «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» вокзалына 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келіп тоқтайды. Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық телефоны арқылы алуға болады.