Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болған.
Сағат 16.30-да 2001 жылғы тұрғын Мұратсай су қоймасында тізесінен келетін суда киімшең тұрып, селфи жасаған.
Алайда абайламай, су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен. Марқұмның денесін сағат 17.00-де жергілікті тұрғын шығарып алды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өзен-көлдердің рұқсат етілмеген аймақтары қауіпті екенін ескертеді.