Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Грузияның Ішкі істер министрлігі: «Осы уақыттағы мәліметтерге сәйкес, оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болып, 3 адам зардап шеккен», – деп хабар таратқан.
Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге жеткізіп, артынан жедел жәрдем қызметі оларды ауруханаға алып кеткен.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Бисо ауылының маңында болған. Микроавтобус 80 м биіктіктен тасқа құлаған. Әзірге апаттың себеп-салдары туралы ешқандай нақты ақпарат жоқ.
Грузияның Ішкі істер министрлігі жол апатына қатысты тергеуді бастады.