Қазақстанда 16 баладан Кавасаки синдромы анықталған
Қазақстанда 16 баладан Кавасаки синдромы анықталған
© сурет интернеттен алынды
5,253
оқылды
Қазақстанда 16 баладан Кавасаки синдромы анықталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте айтты.
«Кавасаки синдромымен жаппай ауыру қаупі жоқ. Коронавируспен ауырған 2 жарым мыңдай баланың ішінде 16 баладан ғана кавасаки синдромы анықталды. Олардың жартысы қазіргі уақытта жазылып шықты», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресми өкіл Кавасаки синдромы күретамырларға зақым келтіретінін айтқан болатын.