Коронавирус: Оқушыларға медициналық қолғап кигізу міндеттеле ме?
Коронавирус: Оқушыларға медициналық қолғап кигізу міндеттеле ме?
© сурет интернеттен алынды
5,265
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов сабақ кезінде балаларға медициналық қолғап кигізуді міндеттеу туралы әлеуметтік желідегі ақпараттың жалған екенін айтты.
«Балаларға қолғап кигізу міндетті емес. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді ол.
Оның айтуынша, сабақ кезінде балаларға маска тағу міндеттеледі.
«Себебі балалар коронавируспен сирек ауырса да, ауруды тасымалдайды. Сәйкесінше, індетті ересек адамдарға жұқтыруы мүмкін», - деп түсіндірді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала коронавирусқа шалдыққан..