Ералы Тоғжанов елордадағы қызметін қайта бастаған бірқатар нысанды аралады
Ералы Тоғжанов елордадағы қызметін қайта бастаған бірқатар нысанды аралады
230
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында өз қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді, - деп хабарлады primeminister.kz. Тексеру Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді. Сауда нысандарын аралау барысында кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді. Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды. Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды. Өз кезегінде, кәсіпкерлер Үкіметке бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты.