Алматыда өткен аптада праймеризге тіркелуге 120-дан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 33%-ы әйелдер және 30%-ы 35 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ олардың қатарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар.
Қатысушыларды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады, тіркеу аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың есімдері бар толық тізім жарияланады.
Содан кейін жаңа кезең басталады: кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау.
Естеріңізге сала кетейік, электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режимінде «Праймериз» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтеді.