24 тамыз 19.00-дегі ахуал бойынша 7399 адам өз кандидатурасын ұсынды, 6259 кандидат (84,6%) тіркелді.
Оның 34% әйел, 24,1% жасы 35-ке дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 2533 (34,2%) адам ұсынылса, 4866 (65,7%) адам – өз кандидатурасын ұсынғандар.
Сондай-ақ 133 көпбалалы ана өзін-өзі ұсынған, 63-і ерекше мұқтаждығы бар адамдар.
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Қызылорда және Түркістан облысында әйелдердің үлесі 30%-дан төмен.
Қызылорда облысында жасы 35-ке дейінгі жастар үлесі 20%-дан төмен.