Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі
[caption id="attachment_67318" align="aligncenter" width="797"] Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметінен алынды[/caption]Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі
[caption id="attachment_67320" align="aligncenter" width="670"] Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметінен алынды[/caption] Техникалық өлшемдері: «Рroof-like» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды. Монеталарда алтындату технологиясы қолданылған. «Uncirculated» сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдау, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу және аударуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.