25 тамыз 19.00-дегі ахуал бойынша 8714 адам өз кандидатурасын ұсынды, 7368 кандидат (84,9%) тіркелді.
Оның 32,8%-ы әйелдер, 22,7%-ы жасы 35-ке дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 2822 (32,4%) адам ұсынылса, 5892 (67,6%) адам – өз кандидатурасын ұсынғандар.
Сондай-ақ 158 көпбалалы ана өзін-өзі ұсынған, 69-ы ерекше мұқтаждығы бар адамдар.
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Түркістан облысында әйелдердің үлесі 30%-дан төмен.
Алматы облысында жасы 35-ке дейінгі жастар үлесі 20%-дан төмен.