Жаңаөзенде соңғы науқас емделіп шықты
Жаңаөзенде соңғы науқас емделіп шықты
5,225
оқылды
«Жаңаөзендегі инфекциялық госпитальде 200-ден астам науқас ем қабылдаған. Коронавируспен ауырған соңғы науқас емделіп шықты. Дегенмен дәрігерлер тұр­ғындарды сақтық шараларын қа­таң сақтауға шақырады. Өйткені қазір провизорлық орталықта 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр» делінген орта­лық таратқан хабарламада. Дегенмен дәрігерлер әлі де сақтық шараларын естен шығармауға кең­ес берді. «Әлде де босаңсуға бол­майды. Себебі коронавирус ин­фек­циясының шілде, тамыз, мау­сым айларында халыққа тиген зар­дабының шет жағасын көрдіңіз. Соны қайталамау үшін біз қазіргі таңда сақ болуымыз қажет. Адам көп шоғырланатын жерлерге, той-садақаларға халықтың әлі де бармағаны дұрыс. Күзде жедел респираторлы инфекциямен бір­­ге коронавирус инфекциясы таралады деген болжам әлі де сей­іл­ген жоқ», – деді Жаңаөзен қа­лалық бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жаңабай Оңайбаев.  

А.АЙДАРҚЫЗЫ