Қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғырту мәселелері талқыланды
Қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғырту мәселелері талқыланды
5,259
оқылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы-қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Форумды Конституциялық Кеңес, Әділет министрлігі, Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды. Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Конституция қазіргі қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінде ерекше орын алатынын атап өтті. Оның мазмұны мен маңызды белгілері, ең алдымен, ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтіндігімен, конституциялық жүйенің негіздерін, мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру қағидаттарын бекітетіндігімен айқындалады. Конференция шеңберінде Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. А. Темірбеков «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жолдауындағы қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың кейбір аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері баяндама жасады.