Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атырау көпіріне» коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің суреттері қойылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Instagram-дағы парақшасында.
«Біз жарты жыл бойы коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда болған медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда коронавирусқа 105075 адам шалдықса, оның 93990-ы сауықты, 1523 адам қайтыс болды.