«Кезекші сыныптарға» сабақты студенттер өтеді» деген ақпаратқа қатысты әкімдік пікір білдірді
«Кезекші сыныптарға» сабақты студенттер өтеді» деген ақпаратқа қатысты әкімдік пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
234
оқылды
Алматыда білім саласы қызметкерлерінің «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» атты форумда Бақытжан Сағынтаев кезекші топтардағы 1-2 сынып оқушылармен тәжірибелі мұғалімдердің жұмыс істейтіндігін атап өтті.
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары жоғары оқу орындарының тәжірибесіз түлектері немесе соңғы курс студенттері сабақ береді екен деп алаңдаушылық білдіруде. Бұған жол берілмейді. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балалармен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейді. Еш күдіктенбеңіздер. Білім басқармасына тиісті тапсырмалар беремін»,– деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Форумда жаңа оқу жылындағы білім беру мәселесі талқыланып жатыр. Атап айтқанда, кезекші топтарда санитарлық қауіпсіздікті сақтау, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, педагогтар мен мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз ету бар. Сонымен қатар балабақшалар мен мектептердегі орын жетіспеушілігі проблемасы да талқыланды.