Көлсай, Қайыңды көлдері демалыс күндері жабық болады
Көлсай, Қайыңды көлдері демалыс күндері жабық болады
© сурет интернеттен алынды
720
оқылды
Алматы облысындағы Көлсай, Қайыңды көлдері демалыс күндері жабық болады. Туристік аймақтағы қатаң санитарлық талапты қамтамасыз ету үшін полицейлерге патрульдеу тапсырылды.
«Демалушылардың шамадан тыс шоғырлануына байланысты аудан аумағында короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 29, 30 және 31 тамыз күндері «Көлсай көлдері МҰТП РММ» және Саты ауылдық округі аумағындағы туристік нысандар қызметін тоқтата тұру қаулы етемін. Осы мерзімде халық көп жиналатын жерлерді, көлік аялдамаларын, қоғамдық тамақтану орындарын, жаяу жүргіншілер өтпелерінің сүйеніштерін, орындықтарын, қонақ үйлерді және басқа да нысандарға жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, өңдеу жүргізуді міндеттеледі«, - делінген Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың соңғы N 22 қаулысында. "Санитарлық талаптардың сақталуын полицейлер бақылайды. «Көлсай көлдері МҰТП РММ» және Саты ауылдық округі аумағында 2020 жылдың 29, 30 және 31 тамыз күндері аралығында жабық болуын бақылауды; «Көлсай көлдері МҰТП РММ» және Саты ауылдық округі аумағында 2020 жылдың 29, 30 және 31 тамыз күндері карантин шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарды, жағалауды және басқа да уақытша тоқтатылған нысандарды патрульдеуді қадағалауды күшейтуді; Шектеу аймағына кіру мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді; Көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қолдануды Кеген аудандық полиция бөлімі (Е.Үркінбаев) қамтамасыз етсін« ,- делінген ведомствоның қаулысында.