Бекнұр Бисенов 1992 жылы дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мұнайшы, жайдарманшы, өнертапқыш «ӨзенМұнайГаз» АҚ Жас мамандар кеңесінің белсенді мүшесі.
Өмірдегі басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қол үшін созу, олардың өзге жандардан еш айырмашылығы жоқ екендігін дәлелдеу. Сол бағытта 2012 жылдан бері «Алға» мүгедектер спорт клубына жетекшілік етіп келеді. Бүгінге дейін Жаңаөзен қаласында тұңғыш рет тек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи спортзал ашты. «Маған соңғы кездері «Саған бұл не үшін керек?» деген сұрақты жиі қояды.
Жауап белгілі және өте қарапайым. Қазіргі жастарда идея деген өте көп, бірақ оны іске асыру үшін мүмкіндіктер жетісе бермейді. Белсенді жастармен жұмыс барысында соған көзім жетті! Қалада көптеген проблемаға тап бола отырып, мен жанашыр және белсенді жастардың қиындыққа қалай кезігетінін көріп жүрмін. Сондықтан өзім, мына өмірге бейжай қарамайтын жастарға қол ұшын созып, қолдау көрсетуді өзіме басты мақсат етіп қойдым. Осы ретте болашақты өзіміз жасауға зор мүмкіндік бар екенін айтқым келеді. Сондықтан «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде өте маңызды шешім қабылдадым. Ол – Праймериз мүмкіндігін пайдалана отырып «Мықты көшбасшылар – күшті партия» қағидасы бойынша нақты және жігерлі көшбасшылардың қатарына қосылу арқылы жергілікті атқарушы органның қатарында болу», – дейді Бекнұр Бисенов.