Кір мәшинесіне қысылып қалған бала
Кір мәшинесіне қысылып қалған бала

Шымкентте 3 жасар бала кір жуатын мәшинеге қысылып қалған. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің екі аяғы кір жуатын мәшинеге қысылып қалды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Асар-2 ықшамауданында болған.

2016 жылы туған бала ойнап жүріп, кір жуатын мәшинеден екі аяғын сыртқа шығара алмай қалған.

«Құтқарушылар темірді кесу қайшыларды қолдана отырып, кір жуғыш мәшиненің барабанынан баланы алып шыққан. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.