Жаңа оқу жылының басында «Білім» тарифі іске қосылады
Жаңа оқу жылының басында «Білім» тарифі іске қосылады
© сурет интернеттен алынды
150
оқылды
Қашықтан оқыту форматында басталатын биылғы жаңа оқу жылының басында «Білім» тарифі іске қосылады. Бұл туралы «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов айтты. «Жетекші ұялы байланыс операторлары «Білім» тарифін әзірледі. Құны - 990 теңге. Ол жаңа оқу жылының басында қолжетімді болады. Біз бұл мәселені шешуге белсенді қатысқан едік. Бұл тарифтен Kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Естеріңізге сала кетсек, арнаулы тарифтің іске қосылатындығы осы жылдың шілде айында белгілі болған еді. Аталған тарифтік жоспар барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен тегін сөйлесе алады. Мұнан бөлек, отандық білім ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі 380 ресурсты қолдап отырғаны белгілі.