Алматыда ойын-сауық орындары тексерілді
Алматыда ойын-сауық орындары тексерілді
228
оқылды
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында партия өкілдері ҚБТУ және полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп карантиндік режимнің бұзылуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Мониторингтік топ қаланың қоғамдық орындарына, атап айтқанда қоғамдық тамақтану нысандарына тексеру жүргізді. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының әртүрлі бұзушылықтары тіркелді. Көбіне мекеме әкімшілері белгіленген нормаларды елемейді. Атап айтқанда, түнгі сағат 23.15-те ойын-сауық мекемесінің бірінде 80 келушінің болғаны анықталды. Сонымен қатар олардың кейбіреулеріне спирттік ішімдіктер сатылған және мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы, бір апта ішінде мониторингтік топ 19 қоғамдық тамақтану нысанында заң бұзушылықтарды анықтады. Мекемелерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейін құжаттар осы мекеме иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға берілді. Көп жағдайда олар ҚРӘҚтК 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) және ҚРӘҚтК 441-бабы (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдары мен электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Еске салсақ, қаулыға сәйкес барлық қоғамдық тамақтану нысандары сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін ашық ауада жұмыс істеуі керек және орындар саны 50-ден аспауы тиіс. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қала бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты партияның бақылау комиссиясына 279-88-49 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ