Қазақстанда 164 млн теңге салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды
Қазақстанда 164 млн теңге салық төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды
287
оқылды
Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті салық төлеуден жалтару фактісі бойынша «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізді. Еске сала кетейік, компанияның басшысы мен құрылтайшысы – Түркия азаматы. Тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның 2015-2018 жылдар аралығында 164 млн теңгеден астам сома көлемінде салық төлемегені анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 2-бөлімінің 1-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл бойы ұйымдарда басқарушылық қызметтерді иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, оған негізгі жазаны өтегеннен кейін 5 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынып, Қазақстаннан шығарылады.