Кітапқұмар десе, құрметтейміз, ал, қатынқұмар екенсің деген адамның аузына аңқия қарап, ерніңді жалап тұрмайтының тағы бар. Алматы облысы, Есік қаласындағы ақыл-есі кемдерге арналған орталықтың басшысын әріптестері «нағыз қатынқұмар» деп атайтын көрінеді. Сол жерде істейтін бір мейірбике бастығының кабинетіне кірген екен, басекең кабинетінде жалаңбұт жүр дейді. Көздері алақандай, жүрегі жүгіріп кеткен тарақандай болыпты. Есікке бұрыла бергенде, басекең жетіп келіп, білегінен ұстай алыпты.
–Сені ажырасқан дейді ғой?
–Ия.
–Көңіл көтермейміз бе?
–Не деп тұрсыз? Ішіп алыпсыз ғой? Біздің бастығымыз емессіз бе?
–Бастық ішпейді деп кім айтты саған?
–Қойыңызшы, ағай? Қолыңызды жүгірте бермеңізші?
–Немене, қорқып тұрсың ба? Етегіңе намаз оқып жүрмеген шығарсың?
–Олай демеңіз, арамдықтың котлетін жемеңіз...
–Ойебеай, әдемі сөйлейді екенсің ғой? Отыр!
–Мойнына галстуг таққан, бұтында шалбары жоқ басшының алдында отыра алмаймын.
–Бұл мода.
–Сіз удай массыз. Ұят болады.
–Ұятым ұйықтап қалған...
–Ағай дейм...
–Ау, жаным?
–Жіберіңізші! – деген мейірбике жүгіріп шығып кетіпті мыс. Ал, жұрт айтатындай «қатынқұмар» бастық ажырасқан қыз–келіншктерге қырғидай тигенін қоймапты дейді. Бірде тағы бір қызметкер келіншекті шақыртып алыпты.
–Атың кім?
–Майра,
–Майра, менің алдымда сайра. Менімен... былай.. көңіл көтеріп жүресің бе?
–Жүрем.
–А?
–деп айта алмаймын.
–Менімен бірге ойнап күлесің бе?
–Күлем.
–А?
–деп айта аламаймын...
Бастықтың көздері атыздай болыпты дейді. Қалшылдап, өзін кекеткен келіншенкті кабинетінен қуып шығыпты дейді.
Дейді, дейді деп жатқанымыз, бұл секс мәселе жоғары жақтағы басшыларға да жеткен көрінеді. Жұмысшылар арызданып үлгеріпті. Ал, басекең мойындамай отыр. «Карантин кезінде айлықтары қысқарған соң, маған әдейі жала жапты. Үш-төрт адам ұйымдастырып отыр. Мен сотқа арызданамын! Мұны жәй қалдырмаймын!» дейді. Көрдіңіздер ме, жұмысшылар да дейді, бастық та дейді. Ендігі мәселені сот шешкелі отыр. Ия құдай, басекеңнің айтқаны рас болып, әшейін жала болып шықса екен. Әйтпесе, кабинетінде жартылай жалаңаш оытырған бастықты кім жақтыра қояр дейсіз? Кабинет жағажай емес қой?