*Жарлының мұртын ширатқаннан басқа несі қалды?
*Тоқал ешкі өзін лақпын деп ойлапты.
*Үйрекке тас лақтыр: тисе – жақсы, тимесе – тас тасқа қосылады, үйрек үйрекке қосылады.
*Басым болса, бөркім болар еді.
*Тұнып ақпаған судың түбі көрінбеген соң, түпсіз өзен екен депті.
– Бетсіздер боқ басады, боқ басып жүріп топтасады.
*Барлық ит өз ауласында күшті.
*Сиыр сойған жерде ешкі де сойылады.
*Қырғиы көп жерде көгершін ұшпайды.
*Кісінің қай жері ауырса, қолы сол жерді сипайды.
*Құмырашы құмыраның құлағын қалаған жерінен шығарады.
*Қонақ қонақты жаратпайды, ал отағасы екеуін де жаратпайды.
*Бір шошқаның ауызына екі жаңғақ сыймайды.
*Күйеуге шыға алмаған қыз міншіл келеді.
*Өгізге мүйізі ауыр емес.
*Саңырау үшін барабанды екі рет қақпайды.
*Қарыз бен борыш қартаймайды.
*Шошқаны шыңғырту үшін итін сойып тастады.
*Бейтаныс төте жолдан таныс қисық жол қысқа.
*Жастық та адамды жалықтырады.
*Арам ауыздан жаман сөз шығады.
*Күнде көрген кісіге құрмет жоқ.
* Қол соқсаң болды – билеп беремін.
* Жөтел мен жаман әдетті жасыра алмайсың.
* Ағаш қартайса, құрт түседі.
* Өзен ағысы алып кеткен бақа: “Өзім де теңізге дейін жүзгім келіп отыр еді”, – депті.
* Жапалаққа Жаратқан көз бергенде, ол енді қас керек деп сұрапты.
* Атыңды кімге сеніп тапсырсаң, әйеліңді де соған сеніп тапсыр.
* Кімге бас қойсаң, құлақты сол жейді.
* Сандыққа салып қойсаң да, ажалды өледі.
* – Соққан кім?
– Ағам.
– Баққан кім?
– Ағам.
*Күшіне сенген адам бопсаламайды.
*Қолынан іс келмейтіннің ісі таусылмайды.
*Бір кесе шарап іше алмайтын адамға екі кесе шарап ішкізіпті.
*Өзіне пайдасы жоқтың өзгеге де пайдасы жоқ.
*Айтуға ұялмаған істеуге де ұялмайды.
* Саған ізгілік ойлаған кісі қызыңды мақтайды.
* Түлкі қайда болса, құйрығы сонда.
* “Құйрығым кедергі жасамаса, менен ешкім оза алмас еді”, – депті қой.
* “Жорға болар едім, басымды шұлғи беруге мойыным жар бермейді”,– депті жылқы.
* Түлкі құйрығын куәлікке тартыпты.
* Бақа да батпағым басқанікінен үлкен болса екен дейді.
*Есектен құлаған баланы атқа отырғызба.
*Аю түлкінің ізін көріп таң қалыпты.
*Күйеуін түрмеге айдап бара жатса, әйелі оған сатып алатын көйлектің үлгісін беріпті.
*Мияулаған мысық тышқан ауламайды.
*Әйеліңнің кемшілігін өгей шешеңнен артық ешкім білмейді.
*Жалғызілікті адам өзінің жалғыздығын тамақ ішкен кезде де сезінеді.
*Шіріген бір алмұрт жүз алмұртты шірітеді.
*Бір сөзді екі рет қайталасаң, иісі шығады.
*Жаман ұста орманға барса, барлық ағаш дірілдеп қоя береді.
*Жері жоқ себетін тұқым сұрапты.
*Ауыздың қайда екенін қол біледі.
*Малды мүйізінен ұстайды,
Адамды сөзінен ұстайды.
*Әлсіз амалсыздан мейірімді болады.
*Ит үш аунамай жатпайды.
*Бір рет қорыққан ит жұлдызға қарап үш жыл үреді.
*Итті еркелет, бірақ таяғыңды тастама.
*Кесе сыңғырламай сынбайды.
*Тоқ адам өзгелерді де тоқ деп ойлайды.
*Екі ергежейліге дүние тар болып көрініпті.
*Кімді мырзам десең, сол сені өзімнің құлым дейді.
*Әйелдің күші кем, бірақ қулығы артық.
*Ешкісі жоғалғанның күні де жоғалады.
*Қарға мылтықты кісіні көріп: “Егер ақылы болса, мені атпайды, ақымақ болса, атқан оғы тимейді”,– депті.
*Ақымақ ағайыннан ақылды дұшпан артық.
*Сиырды көздеп, бұқаны ат.
Аударған
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ