Чилиде Димаштың шығармашылығына арналған радио іске қосылды
Чилиде Димаштың шығармашылығына арналған радио іске қосылды
фото: ашық дереккөз
309
оқылды
Чилиде «DEARMASH FM» тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. «Радиостанция Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында ашылған. Интернет радионы Чили халқы ғана емес, барлық Латын Америка тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы, әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосты», - делінген ақпаратта. Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге, арнайы бағдарлама ұсынылады. Онда қазақстандық әншінің шығармашылық жолы, Қазақстан туралы мәліметтер беріледі. 1-інші және 2-інші бағдарламалар: «The singer» 3-інші бағдарлама: «Димаш және Игорь Крутой» 4-інші және 5-інші бағдарламалар: «Казақстан». Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған «DQ Alianza Sudamericana Official» тобы қолдау танытып отыр. «DEARMASH FM» радиосы: Сайт: www.zeno.fm/dearmash IG: dearmashfm Facebook: RadioDearmashChile Почта: radiodearmash@gmail.com Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашқанын жазған болатынбыз.